Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақ антропологиясының негізін қалаған академик Оразақ Смағұлов қайтыс болды

Қазақ антропологиясының негізін қалаған академик Оразақ Смағұлов қайтыс болды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақтың тұңғыш антропологы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көрнекті ғалым бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының шығу тегін, антропологиялық ерекшеліктері мен тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады.

Оразақ Смағұлов Қазақстанда антропология ғылымының негізін қалап, қазақ халқының қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеуге өлшеусіз үлес қосты.

Ғалым ғылыми еңбектерімен қатар, шәкірт тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлді. Бірнеше буын зерттеушіге ұстаздық етіп, отандық ғылымның дамуына еңбек сіңірді.

Оның артында ұлттық ғылым үшін құнды зерттеулер мен мол ғылыми мұра қалды.