Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Экс-министр Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды

Экс-министр Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды
Ерсайын Нағаспаев. Фото: ҚТЖ

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

24 қарашада "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаевқа жаңа қызмет жүктелді. Осыған дейін ол Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін аталған лауазымнан босатылған болатын.

Жаңа басшы үшін теміржол саласы бейтаныс емес. Ол 2021-2025 жылдар аралығында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында басқарушы директор қызметін атқарған.

Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында мемлекеттік басқару мен көлік саласында бірқатар жауапты қызмет атқарған.

Атап айтқанда, Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жұмыс істеген.

Сонымен қатар Көлік және коммуникация министрлігінде, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»"республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басшылық лауазымдарда болған.

Ерсайын Нағаспаев әр жылдары Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.