Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қонаевта мектеп баспалдағынан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды

Қонаевта мектеп баспалдағынан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде баспалдақ қоршауынан құлаған 11 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мектеп өкілдерінің айтуынша, оқиға 16 қарашада екінші ауысымның сабағы басталар алдында болған. Алтыншы сынып оқушысы үшінші қабаттағы баспалдақтың қоршауына отырып, тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлаған.

Бірнеше жарақат алған баланы ауруханаға жеткізіп, ота жасаған. Оқушы 18 қараша күні таңертең көз жұмды.

Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.