Logo
Іздеу
Айдарлар

Айзат Жұманованың өлімі: прокурор күйеуіне 15 жыл сұрады

/
Айзат Жұманованың өлімі: прокурор күйеуіне 15 жыл сұрады
Сурет: ашық дереккөзден

Талдықорған сотында 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот жарыссөзі өтті. Прокурор оның күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айзат Жұманова маусым айында Баласаз ауылында қаза тапқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, Айбар Жанболат мас күйінде қызғаныш себепті әйелін аса қатыгездікпен соққыға жыққан. Айзат тоқтатуды өтінгенімен, соққы жалғаса берген.

«Жанболат медициналық көмек көрсетпей, бірнеше сағат өткен соң ғана, түнгі 2:30 шамасында Айзатты ауруханаға жеткізген. Бұл әрекеті арқылы ол жасалған ауыр қылмысты жасыруға тырысқан», — делінген айыптау актісінде.

Бастапқыда іс абайсызда өлімге әкеп соқтыру ретінде тергелген. Марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, қайта сараптама жүргізуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде іс ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі — «қасақана адам өлтіру» бойынша қайта сараланды.