8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей аймақтарда екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазгидромет мәліметінше, 8-10 қазан аралығында ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр және сулы қар күтіледі. Шығыста көктайғақ болуы ықтимал. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.
Ақтауда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел екпіні 15–18 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.
Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.
Көкшетауда жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C.
Қарағандыда жаңбыр жауып, жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +4…+6°C, күндіз +9…+11°C.
Қонаевта жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, бірақ жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.
Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C.
Оралда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C.
Өскеменде жаңбыр жауып, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C.
Павлодарда жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Петропавлда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C.
Семейде жаңбыр жауып, жел екпіні 15-18 м/с болады. Түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C.
Таразда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C.
Түркістанда күн жауын-шашынсыз болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.