Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлыбритания мен Франция бейбіт келісімнен кейін Украинаға 15 мыңға дейін әскер жібермек

/
Ұлыбритания мен Франция бейбіт келісімнен кейін Украинаға 15 мыңға дейін әскер жібермек
Сурет: ашық дереккөзден

Бұған дейін француз күштеріне қосымша ретінде шамамен 10 мың британ әскериін жіберу нұсқасы қарастырылған еді, алайда Ұлыбритания армиясының ресурстық шектеулеріне байланысты бұл жоспардан бас тартылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

 The Times басылымының жазуынша, қазіргі таңда Лондон Украина аумағына 7,5 мыңнан аз әскери қызметкерді ғана орналастыра алады деп бағалануда. Ұқсас мөлшерді Франция да ұсынуы мүмкін. Дегенмен, газет дереккөздері мұндай ауқымдағы миссияның өзі іске асыруы қиын екенін, ал жалпы 15 мың адамдық көрсеткіштің шамадан тыс оптимистік екенін жазды.

Француз билігі бұл күштердің ұрыс қимылдарына қатыспайтынын баса айтады. Контингент Украина батысында, майдан шебінен алыс жерде орналастырылып, атысты тоқтату режимін қолдауға байланысты міндеттерді атқарады деп жоспарлануда.

Германия өз кезегінде Украинаға жақын аумақта өз күштерін орналастыруға дайын екенін білдіріп, ықтимал орын ретінде Польша немесе Румыния аумақтарын қарастыруда.

6 қаңтарда Парижде «ниеттілер коалициясы» деп аталатын топқа кіретін елдер Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері туралы декларацияға қол қойды. Париж декларациясы деп аталған бұл құжат коалицияға мүше 35 мемлекет, сондай-ақ Украина мен АҚШ ұстанымдарының жақындасуын бекітеді және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұрақты тетіктерін, ұзақ мерзімді бейбітшілікті қалыптастыруға бағытталған.