Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда жұма күніне дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жұма күніне дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pexels

Қазақстанның 15 облысында 9 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша болжам:
Атырау облысы: Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батыста және оңтүстікте 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Павлодар облысы: Солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Түркістан облысы: Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Шымкент және Түркістан қалаларында мезгіл-мезгіл тұман болады.

Қарағанды облысы: Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да тұман болады.

Ұлытау облысы: Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Солтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда мезгіл-мезгіл тұман болады.

Алматы облысы: Оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Алматы және Қонаев қалаларында мезгіл-мезгіл тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы: Күндіз батыста көктайғақ, ал батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы: Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.

Ақтөбе облысы: Орталығында және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні орталық пен батыста 15 м/с жетеді.

Ақмола облысы: Батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысы: Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде солтүстікте аздаған қар жауып, жаяу боран соғады. Батыста тұман күтіледі. Оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде аздаған қар мен жаяу боран күтіледі.

Қызылорда облысы: Орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман болады. Қызылордада мезгіл-мезгіл тұман түседі.

Маңғыстау облысы: Түнде және таңертең батыста көктайғақ, ал солтүстік, оңтүстік және орталықта тұман күтіледі. Күндіз батыста және орталықта желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.