Logo
Іздеу
Айдарлар

"Шындықты өз аузынан естіген дұрыс": Іздеуде жүрген "атыраулық хакер" туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

/
"Шындықты өз аузынан естіген дұрыс": Іздеуде жүрген "атыраулық хакер" туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Қазақстанда бір отбасының із-түзсіз жоғалуына байланысты әлеуметтік желілерде өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған белгісіз адамның мәлімдемелері кеңінен тарады. Осыған қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада белгісіз тұлға Атырау облысындағы отбасының жоғалуына байланысты "өз бетінше талдау жүргізгенін" мәлімдейді. Аталған видео қысқа уақыт ішінде желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Tengrinews.kz мәліметінше, полиция өкілдері азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Құқық қорғау органдары жалған мәлімет тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Полицияның хабарлауынша, аталған тұлғаға қатысты бұрын алаяқтық деректері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта бұл істер аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал күдікті заң талаптарына сәйкес іздеуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде өзін "Қадырбай" деп таныстырған блогер іздеуде жүрген "атыраулық хакермен" кездескенін айтып, арнайы видео жариялады.

"Хакер Атырау туралы шындықты айтамын. Бұл – сұхбат сізді таңқалдырады. Сұхбат күтіңіздер. Шындықты өз ауызынан естіген дұрыс", – деп жазды блогер.

Отбасының із-түзсіз жоғалуына қатысты жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасуда.