Атырау қаласында 59 жастағы Талғат Назаров есімді ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып кеткен және содан бері қайта оралмаған. Ер адам Көкарна шағынауданында тұрған.
Полиция таратқан ақпаратта жоғалған азаматтың сыртқы белгілері де көрсетілген: бойы шамамен 170–175 сантиметр, дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күрте мен қара шалбар болған.
Құқық қорғау органдары Талғат Назаровтың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтарды полицияға немесе жақын маңдағы құқық қорғау бөлімшесіне хабарласуға шақырады.