Logo
Іздеу
Айдарлар

Ердоған: «Отбасында кемінде үш бала болуы керек»

/
Ердоған: «Отбасында кемінде үш бала болуы керек»
Сурет: ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі соңғы кездері байқалған демографиялық сын-қатерлерге назар аударып, мықты отбасы институтын «мемлекет дамуының ажырамас құрамдас бөлігі» деп атады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ислам өнеріне арналған көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде түрік лидері көпбалалы болудың маңыздылығы туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқанын еске салды.

«Мен отбасыларда кемінде үш бала болуы керектігін талай мәрте айттым. Біз халық санын көбейтуіміз керек. Жеке өзімнің тоғыз немерем бар, бұл мен үшін ерекше қуаныш», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент үкіметтің Түркияда «Отбасы жылын» жариялау туралы шешіміне ерекше тоқталды.

«Өкінішке қарай, кейде тіпті ең жақын адамдардың өзі халық санының өсуіне қарсы шығып жатады, бұл қатты қынжылтады. Болашақта бұл жағдай өзгереді деп үміттенемін», — деді саясаткер.