Logo
Іздеу
Айдарлар

Мачадо Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын табыстады

/
Мачадо Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын табыстады
Сурет: ашық дереккөзден

Венесуэла оппозициясының лидері Дональд Трампқа Ақ үйдегі қабылдау кезінде Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін табыстады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мария Корина Мачадо бұл қадамды символдық әрі тарихи деп санайды.
Мысал ретінде ол екі жүз жыл бұрынғы оқиғаларды келтірді:


«200 жыл бұрын генерал Лафайет Симон Боливарға Джордж Вашингтонның бейнесі салынған медальді табыстаған. Сол уақыттан бастап Симон Боливар ол медальмен ешқашан ажырамаған. Бүгін Боливар халқы Вашингтонның мұрагері саналатын АҚШ президентіне біздің еркіндігімізге адалдығын мойындау белгісі ретінде Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін ұсынады».

Жақында Норвегияның Нобель комитеті еске салғандай, Нобель сыйлығын формалды түрде басқаға беруге немесе кері қайтарып алуға болмайды. Алайда қаңтардың басында Мачадо бұл марапатты Трампқа беруге дайын екенін мәлімдеген, себебі оны «венесуэла халқының меншігі» деп есептейді.

Оппозиционер атап өтті: АҚШ президенті Венесуэланы әлеуеті зор одақтас ретінде көреді.

Ақ үй басшысы бұл қадамды бағалап, Truth Social әлеуметтік желісінде Мачадоға алғыс білдірді:

«Бүгін Венесуэладан келген Мария Корина Мачадомен кездескенім мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол көпті бастан өткерген ерекше әйел. Мария маған атқарған жұмысым үшін өзінің Нобель бейбітшілік сыйлығын табыстады. Өзара құрметтің тамаша белгісі».

 Сыйлықты табыстауға дейін Трамп Мачадоны сүйкімді әйел деп атағанымен, оның көшбасшылық қасиеттеріне күмән келтірген.