Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қарашада Ресей астанасы Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін барған. Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысын әуежайда қарсы алу рәсімінен фотосуреттер жариялады.
Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың 25-26 қараша күндері Ресейге жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған еді.