Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз өткізіп, бірқатар маңызды мәселені талқылайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, Қазақстан басшысының Ресейге жұмыс сапары 25-26 қараша күндеріне жоспарланған.

"25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады", – деп хабарлады Айбек Смадияров.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі жоспарланып отыр. Келіссөз барысында екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту перспективалары қаралады.

Мәскеуге сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық конференциясына да қатысады. Аталған іс-шара жасанды интеллект технологияларын дамытуға және оларды түрлі салаларда қолдануға арналған.