Logo
Іздеу
Айдарлар

"Реанимацияда ес-түссіз жатыр": Рамзан Қадыровтың ұлы сұмдық жол апатына түсті

/
"Реанимацияда ес-түссіз жатыр": Рамзан Қадыровтың ұлы сұмдық жол апатына түсті
ашық дереккөзден

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров ауыр халде Грозный қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп Arasha.kz тілшісі "Кавказ.Реалии" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Грозныйдағы дереккөздердің мәліметінше, Адам Қадыров қазіргі уақытта реанимация бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр әрі ес-түссіз күйде екені айтылған. Осыған байланысты ауруханаға апаратын жолдар уақытша жабылған.

Оқиға жөнінде ақпаратты шешен оппозициясындағы NIYSO қозғалысының Telegram арнасы да таратты. Арна дерегіне сәйкес, Қадыровтың кортежі әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, күтпеген кедергіге тап болған. Соның салдарынан кортеждегі көліктер бір-бірімен соқтығысқан.

NIYSO мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да жарақат алуы мүмкін, алайда оның аты-жөні әзірге нақтыланбаған.

Сондай-ақ дереккөздер аурухана маңындағы даңғылдың жабылғанын, Грозный қаласына кіреберістерде көлік кептелісі пайда болғанын хабарлайды. Бұдан бөлек, Адам Қадыровты Мәскеуге жеткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатқаны айтылған.

Аталған ақпаратты Шешенстан билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.