Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Колумбияда алтын шахтасы опырылып, 14 адам көз жұмды

Колумбияда алтын шахтасы опырылып, 14 адам көз жұмды
Фото: x.com/TheRawWire

Колумбияның оңтүстік-батысында заңсыз алтын өндірілген шахта опырылып, 14 адам қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға елдің Нариньо департаментінде болған. Жергілікті билік өкілдері шахтадағы апат салдарынан адамдардың қаза тапқанын растады.

Нариньо губернаторы Луис Альфонсо Эскобардың мәліметінше, оқиға орнындағы іздеу-құтқару жұмыстары толық аяқталған.

Апат салдарынан 14 адам өмірден өтіп, жеті адам зардап шеккен.

Губернатор шахталардағы қауіпсіздік мәселесін көтерді

Қайғылы жағдайдан кейін Нариньо губернаторы Колумбияның орталық билігіне үндеу жасады.

Ол Ұлттық тау-кен агенттігі мен Тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігін заңсыз және шағын тау-кен кәсіпорындарының қызметін заңдастыру жұмыстарын жеделдетуге шақырды.

Өңір басшысының пікірінше, мұндай қадам кен орындарындағы еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін де 13 адам қаза тапқан

Бұл Колумбияда алтын өндіру кезінде болған алғашқы қайғылы жағдай емес.

Бірнеше ай бұрын елдің Поликарпа қаласында да шахта опырылып, 13 адам көз жұмған еді.

Басылым мәліметінше, Колумбияның ауылдық өңірлерінде пайдалы қазбаларды заңсыз және тиісті бақылаусыз өндіру кең таралған.