Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын": Асанәлі Әшімовтің ұлы 18 жасқа толды (ФОТО)

/
"Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын": Асанәлі Әшімовтің ұлы 18 жасқа толды (ФОТО)
SN.kz

Қазақ өнерінің абызы, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде ұлы Асанәлінің кәмелет жасына толғанын атап өтіп, жүрекжарды тілегін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz.

Актрисаның айтуынша, ұлы биыл 18 жасқа толып, әкесінің жолын жалғар азамат болып өсіп келеді. Осы сәтті ол марқұм жұбайын еске алумен байланыстырды.

"Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Желі қолданушылары жас жігітке ізгі тілектерін арнап, марқұм актердің рухына құрмет көрсетті.