Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаевтың ұшағы Ресей үстінде "жоғалып кетті": Президент ұшағы неге көрінбей қалды?

/
Тоқаевтың ұшағы Ресей үстінде "жоғалып кетті": Президент ұшағы неге көрінбей қалды?
Malim.kz / ЖИ

Журналист Манас Қайыртайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Президентіне тиесілі деп саналатын ұшақтың онлайн әуе карталарында уақытша көрінбей қалғаны жөнінде жазба жариялады, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, әуе кемесі Қостанай өңірінің үстімен өтіп, Ресей аумағына бет алған сәттен кейін онлайн әуе қозғалысын бақылайтын сервистерде түсініксіз жағдай тіркелген.

"Қазақстан президентінің ұшағы бірер сағат бұрын Қостанайдың үстінен Ресей аумағына қарай өтті. Ары қарай транспондері ажырады ма, ұшақтың онлайн локациясы бір орында тұрып қалды", – деп жазды Манас Қайыртайұлы.

Айта кетейік, бүгін Давос қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында кездесу өтуі жоспарланған.

Кейін журналист мәліметті нақтылап, президент мінген ұшақтың Давостан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан Штутгарт әуежайына қонғанын хабарлады.

"Ақорда ертең Давоста Тоқаев пен Трамп кездесетінін жазған. Түнде Трамптың ұшағынан ақау шығып, басқасына мініп, қайта ұшқан екен", – деді ол.