Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жақсы көңілдеспіз": Елге танымал блогер өз әйеліне опасыздық жасағанын ашық айтты (ФОТО)

/
"Жақсы көңілдеспіз": Елге танымал блогер өз әйеліне опасыздық жасағанын ашық айтты (ФОТО)
SN.kz коллажы

"Қалаулым" жобасы арқылы танылған блогер Бауыржан Зорбай әлеуметтік желіде тағы да дау ортасында қалды. Бұл жолы пікірталас Instagram желісіндегі @abdreevakz парақшасында жарияланған жазбадан кейін өршіді. Бұл туралы Sn.kz хабарлады.

Желі қолданушысы өз жазбасында блогердің отбасылық өміріне қатысты ашық пікір білдіріп, ер азаматты жарының қадірін бағалауға шақырған. Оның айтуынша, бұл тақырып қозғалған сәттен бастап өткен оқиғалар көз алдына "кинолентадай" қайта оралған.

"Қазіргі таңда жанындағы ер адамға көзсіз сену қиын. Барлық ер-азаматты бірдей жамандаудан аулақпын, адал, нағыз ерлер де бар. Алайда желіде көрсетілетін өмір мен шынайы өмірдің айырмасы жер мен көктей болуы мүмкін. Бұл – менің жеке шешімім. Түсінгендерге де, түсінбегендерге де алғысым шексіз", – деді ол.

Сонымен қатар жазба авторы бұл пікірді жариялауына әлеуметтік желілерде көрсетілетін "жылтырақ өмірге" алданып қалмау себеп болғанын атап өтті. Оның сөзінше, онлайн кеңістіктегі бейне мен шынайы өмірдің айырмасы кейде тым алшақ болуы мүмкін. Аталған жазбадан кейін желі қолданушылары екіге бөлініп, қызу пікірталасқа көшті. Кейбірі блогердің жұбайы мен пікір қалдырған әйелдің сырт келбеттерінің ұқсастығын атап өтіп, сарказмға толы пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, Бауыржан Зорбай 2022 жылы отбасын құрған. Қазіргі уақытта ол – отбасылы.

Кейін блогер өз парақшасында бұл жағдайға қатысты қысқа жазба жариялап, былай деді:

"Мен жеңілдім. Ешкіммен ешқандай сөз таластырмаймын. Кейін ақ-қарасын өздеріңіз пайымдап аларсыздар. Менде ондай ақша жоқ беретін. Отбасыммен қоштастым. Амандық тіледім. Қимадым. Жыладым. Кеттім", – деп жазды ол.