Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Қазақстанда кадрлық тағайындаулардың жаңа тәртібін Конституцияда бекіту ұсынылды

Қазақстанда кадрлық тағайындаулардың жаңа тәртібін Конституцияда бекіту ұсынылды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сарсембаевтың айтуынша, Президент Құрылтайдың жалпы депутаттар санының көпшілік даусымен берілген келісімі негізінде мына лауазымдарға тағайындау жүргізеді:

– Қазақстан Республикасының вице-президентін;
– Қазақстан Республикасының Премьер-министрін;
– Конституциялық Соттың 10 судьясын;
– Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін;
– Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін.

Сонымен қатар, аталған лауазымдарға тағайындауға келісім беру екі рет қайталанып қабылданбаған жағдайда, Президентке Құрылтайды тарату құқығы беріледі.