Logo
Іздеу
Айдарлар

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

/
Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Сурет: Ақорда


Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - делінген сейсенбі күні таралған хабарламада.

А. Ертаев 2025 жылдың маусым айынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Оған дейін 2024 жылдан бастап аталған министрліктің вице-министрі, ал одан ертерек — 2023 жылдан бастап осы ведомствоның Көші-қон комитетінің төрағасы болған.