Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қарақат салған қанатты ән": Танымал әнші ерекше жаңалығын бөлісті

/
"Қарақат салған қанатты ән": Танымал әнші ерекше жаңалығын бөлісті
ашық дереккөзден

Белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Қарақат Әбілдина жаңа еңбегін – "Қарақат салған қанатты ән" атты кітабын оқырман қауымға ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабына арналған тұңғыш музыкалық еңбек болып табылады. Кітапта Қарақат Әбілдинаның көне аспапта орындаған 32 әнінің мәтіні мен ноталары, сондай-ақ әр туындыны QR-код арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудионұсқасы қамтылған.

"Бұл кітап – жетігенде ойнауды үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәнінің ұстаздарына үлкен көмек болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, қазақ руханиятына қосқан шағын үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті", – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесеріне мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам белсенділері мен ұлттық өнер жанашырлары қатысып, Қарақат Әбілдинаның бұл еңбегін қазақ музыкасына қосылған маңызды жаңалық деп бағалады.