Logo
Іздеу
Айдарлар

Астананың көпірінде сұмдық апат болды: 3 көлік соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті

/
Астананың көпірінде сұмдық апат болды: 3 көлік соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті
ашық дереккөзден

Астанадағы көпірде үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні кешкі уақытта тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, Toyota маркалы көліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бетте тікелей бағытта қозғалып келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.