Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей коммунистері Николас Мадуроны босату комитетін құрмақ

/
Ресей коммунистері Николас Мадуроны босату комитетін құрмақ
Сурет: Алексей Орлов / Ведомости

Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы (РФКП) басшылығы Николас Мадуроны босату комитетін құратындарын мәлімдеп, баспасөз мәслихатын өткізбек, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жиын Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын босату жолындағы қоғамдық комитеттің құрылуына және партияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына арналады.

Алдағы іс-шараға РФКП Орталық Комитетінің төрағасы және Мемлекеттік Думадағы фракция жетекшісі Геннадий Зюганов, Орталық Комитет төрағасының орынбасары Дмитрий Новиков, сондай-ақ партия хатшылары, қоғам қайраткерлері мен тарихшылар қатысады. Олардың қатарында Л.Г. Зыкина атындағы «Россия» мемлекеттік ансамблінің жетекшісі Дмитрий Дмитриенко және тарихшы Евгений Спицын бар.