Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әр адам өз ісі үшін жауапты": Бердікбек Сапарбаевтың келіні қайын атасы туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

/
"Әр адам өз ісі үшін жауапты": Бердікбек Сапарбаевтың келіні қайын атасы туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель Сапарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм қайын атасына қатысты естелігін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адель Сапарбаева Instagram желісіндегі жазбасында Бердібек Сапарбаевтың өмірлік ұстанымдары мен адамға көмек көрсетуге деген көзқарасын ерекше ілтипатпен еске алған. Оның айтуынша, қайын атасы адамдарға көмектескенімен, кез келген көмектің өз жауапкершілігі бар екенін терең түсінген.

"Адамға бір реттік көмек көрсету бар, ал оны өз бетімен өмір сүруге үйрету бар. Ол үшін бұл жай ғана тәмсіл емес, нақты өмірлік қағида еді. Қарызды жауып беруді немесе ақшаны себепсіз таратуды құптамады. Себебі әр адам өз шешімі үшін өзі жауап беруі керек деп есептейтін", – деп жазды ол.

Адель Сапарбаева марқұмның шынайы көмек дегенді адамның аяғынан нық тұруына жол ашатын қолдау деп түсінгенін атап өтті. Оның пікірінше, жауапкершілікті өзгеге немесе жүйеге ысыру жеке адамның да, тұтас экономиканың да әлсіреуіне алып келеді.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев еңбектің, тәртіп пен күнделікті қарапайым дағдылардың маңызын жиі айтқан. Таңертең тұрып төсекті жинау, тамақтан соң ыдысты реттеу секілді ұсақ көрінетін істердің өзі адам бойында жауапкершілік пен мінез қалыптастырады деп сенген.

"Осындай қарапайым әрекеттерден адамның болмысы қалыптасады", – деп түйіндеді Адель Сапарбаева.