Logo
Іздеу
Айдарлар

Тұншықтыру белгілері жоқ: Атыраудағы трагедия жайлы жаңа мәлімет

/
Тұншықтыру белгілері жоқ: Атыраудағы трагедия жайлы жаңа мәлімет
smartnews.kz коллажы

Атырау облысындағы Жангелді ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет "Kursiv. Media" YouTube арнасына берген сұхбатында үйінен мәйіті табылған ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу барысын түсіндірді. Оның айтуынша, марқұмдардың денесінде пышақпен салынған, яғни шаншып-кесілген жарақаттар анықталған.

"Алайда тұншықтыру іздері жоқ. Дегенмен де өлімнің нақты себебін анықтап, нақты уақытын белгілеу үшін мүрделер экспертизаға ұсынылды. Экспертизаның шешіміне сәйкес полиция алдағы уақытта нақты осы ерлі-зайыптының өліміне қатысты деректерді ұсынатын болады", – деді Мейірім Ердәулет.