Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Обаманы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, қамауға алуға шақырды

/
Трамп Обаманы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, қамауға алуға шақырды
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде бұрынғы президент Барак Обаманы 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, оны қамауға алуға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың айтуынша, Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард «Рашагейт ісі» бойынша жүздеген «құпия құжаттарды» жариялаған. Трамп бұл құжаттар Барак Обаманың Орталық барлау басқармасының (ОББ/ЦРУ) агенттеріне «президент Трамп туралы жалған барлау мәліметтерін қолдан жасауға» жеке өзі бұйрық бергенін дәлелдейді деп мәлімдеді.

«Ол мұны американдықтардың біздің демократиямызға және президент Трамптың 2016 жылғы сайлаудағы айқын жеңісіне деген сенімін әлсірету әрі нұқсан келтіру үшін жасады. Обаманы дереу тұтқындаңдар!» — деп мәлімдеді Трамп.

Соңғы күндері Трамп өткен сайлаудағы қарсыластарын жауапқа тарту әрекеттерін жандандырған. Батыс БАҚ-тарының мәліметінше, Обамаға қатысты бұл айыптаулар ФБР Трамп Джо Байденнен жеңіліп қалған 2020 жылғы сайлауға қатысты құжаттарды тәркілегеннен кейін бірден өршіген.