Logo
Іздеу
Айдарлар

ЕО Ресейге көмектескені үшін Қырғызстанға санкция салуды жоспарлап отыр

/
ЕО Ресейге көмектескені үшін Қырғызстанға санкция салуды жоспарлап отыр
Сурет: ашық дереккөзден

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін Еуропаның шектеулеріне ілінген алғашқы Орталық Азия елі болуы мүмкін. Бұл шаралар Украинадағы соғысқа байланысты әзірленіп жатқан 20-шы санкциялар пакеті аясында талқылануда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соғыс басталғалы бері Еуропадан Қырғызстанға экспорт көлемі күрт өскен. Мәселен, Эстониядан келетін тауар ағыны 10 000%-ға, Финляндиядан 3 100%-ға артқан. Сарапшылар бұл тауарлардың түпкілікті бағыты Ресей екенін айтады.

ЕО Қырғызстанға станоктар мен радиожабдықтар жеткізуге тыйым салуды қарастыруда.

2026 жылдың басына қарай криптовалюта және қаржы айналымы 100 млрд долларға жеткен, рубльге байланған A7A5 стейблкоины санкцияларды айналып өту құралына айналған. Бұл жүйенің артында ресейлік «Промсвязьбанк» пен молдовалық Илан Шор тұрғаны айтылуда.

Жаңа пакет аясында Еуроодақ ресейлік банктерге, мұнай компанияларына және үшінші елдердегі қаржы ұйымдарына қысымды күшейтпек. Сонымен қатар, ресейлік мұнайды теңіз арқылы тасымалдауға толық тыйым салу және «баға шегін» 1 ақпаннан бастап барреліне 44,1 доллар деңгейінде белгілеу талқыланып жатыр.