Logo
Іздеу
Айдарлар

"Сүйінші, ағайын! Ата боламын": Сәкен Майғазиев асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді

/
"Сүйінші, ағайын! Ата боламын": Сәкен Майғазиев асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді
turkystan.kz коллажы

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы жағымды жаңалықты көпшілікке жария етті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет ата атанғалы отырғанын айтып, болашақ немересінің жынысын өзі ашып көрсетті. Бұл туралы turkystan.kz мәлімдеді.

Әнші сәбиге қатысты ақ тілегін де жеткізді.

"Маған ұл болсын, қыз болсын – иманды, білімді, саналы, өнерлі және ең бастысы дені сау болып дүниеге келсін деп тілеймін. Алла жар болсын! Сіздерге де жұғысты болсын!" – деді Сәкен Майғазиев.

Жынысы жасырылған тортты әншінің өзі кесіп, сүйінші жаңалықты көпшілікке паш етті. Осылайша Майғазиевтер әулетінде қыз бала дүниеге келетіні белгілі болды.

Бұл қуанышты сәтпен отбасының келіні Әдия да бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында:

"Керемет видео түсірдік, бірақ оны кейінірек жариялаймыз. Қазірше осы жаңалықты тезірек бөліскім келді", – деп жазды.