Эпистолярлық жанр әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Бүгінгі цифрлық кезеңде бұл жанрдың маңызы тіптен артып отыр. Осы жанр туындылары кейіпкердің ішкі дүниесін, сезімін және оқиғаларды шынайы түрде баяндап, эпистолярлық роман, повесть немесе хат-өлеңдер түрінде беруімен қызықты әрі маңызды.
Эпистолярлық жанр өзінің дәстүрлі қағаз пішінінен өзге цифрлық кеңістікке толықтай бейімделіп отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде бұл жанр келесідей көрініс табады:
Пішіннің өзгеруі (Трансформация)
Мессенджерлер мен чаттар: қанша күн, апта, ай күтетін хаттардың орнын лездік хабарламалар (DM, WhatsApp, Telegram) басты. Олар хатқа тән жеке қарым-қатынас пен сырласу сипатын сақтап қалды.
Пікірлер (Комментарий): Кейбір зерттеушілер әлеуметтік желідегі пікірлер алмасуын эпистолярлық жанрдың жаңа, қарапайым түрі деп қарастырады.
Заманауи әдебиеттегі көрінісі
Электронды хаттар мен скриншоттар: Қазіргі авторлар роман сюжетін құру үшін кейіпкерлердің электронды поштасын (email), SMS жазбаларын немесе әлеуметтік желідегі посттарын пайдаланады. Мысалы: Р. Роуэллдің «Attachments» романы толығымен электронды хаттардан тұрады, ал А. Адиганың «Ақ жолбарыс» туындысы электронды хаттар желісімен өрбиді.
Эпистолярлық жанрдың сандық кезеңдегі негізгі ерекшеліктері мынадай:
Мультимедиалық: Қазіргі «хаттар» тек мәтіннен емес, суреттерден, видеолардан, аудиожазбалар мен смайликтерден тұрады, бұл сезімді жеткізудің жаңа тілін қалыптастырды.
Ашықтық пен жариялылық: Егер дәстүрлі хат екі адамның арасындағы құпия болса, әлеуметтік желідегі «ашық хаттар» немесе посттар мыңдаған оқырманға бағытталады.
Фрагменттілік: Оқиға желісі тұтас баяндаудан гөрі, қысқа-қысқа жазбалар, сториздер немесе твиттер тізбегі (threads) арқылы құралады.
Эпистолярлық жанр жойылған жоқ, ол тек «пернетақта мен экран» тіліне көшті.
Эпистолярлық жанр бастапқыда ақпарат алмасу құралы болса, кейіннен философиялық ойларды, моральды және кейіпкердің мінезін ашуды мақсат етті. Антикалық дәуірден (Платон, Аристотель) бастау алып, XIX-XX ғасырларда көркем әдебиетте кеңінен қолданылды. Қазақ әдебиетінде: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абайдың хаттары, сондай-ақ 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы майдан хаттары, С. Мұқанов, Ә.Нұршайықов хаттары эпистолярлық мұраға жатады.
Бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер эпистолярлық жанрдың тілдік нормаларын түбегейлі өзгертті. Қазіргі күнделікті тілдегі басты тенденциялар мынадай:
Тілдің үнемделуі және лаконизм:
Қысқартулар: Уақытты үнемдеу үшін сөздер барынша қысқа жазылады. Мысалы: «сәлем» орнына «слм», «рахмет» орнына «рхм», «не істеп жатсың?» орнына «нст».
Синтаксистік жеңілдік: Күрделі сөйлемдердің орнына қысқа, «телеграфтық» стиль келді. Тыныс белгілері (үтір, нүкте) көбіне назардан тыс қалады немесе сезімді білдіру үшін (көп нүкте, леп белгісі) ғана қойылады.
Визуалды тіл (Паралингвистика)
Орыс ғалымы Е.М.Виноградова «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.
Отандық ғалым Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: «Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс», - дейді.
Мәдениет порталында берілген мәліметте, хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант ( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.
Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді:
Құрметті Қадыр!
Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба - ол арасын өзің білесің.
Негізгі бөлімнен: « Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады» (2а,б)
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін...(в, г)
P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы...(д)
Е.М. Виноградова хаттарды коммуникативтік қызметіне қарай былай топтастырады:
1.Жеке хаттар( негізгі эпистолярлық жанрлар)
а) Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар( әлеуметтік –тұрмыстық хаттар)
б) этикет түрдегі хаттар
в) кепілдемелік хаттар
г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар
2. Жеке іскерлік хаттар
а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі.
б) Адресанты жасырын хаттар
3. Ресми-іскерлік хаттар
а) Нұсқаулық
б) Дипломатиялық
в) Хабарлама, рапорт
4.Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар)
- Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль)
- Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар
- Баспалық құлақтандыру хаттар
- Өлеңмен жазылған хаттар (арнау)
-Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар
- Әдеби қосымшасы бар жеке хаттар
- Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар
- Ашық хат ( Редакцияға жазылған хаттар)
Хат тұрмыстық шеңберінен шығып, қазіргі кезде публицистикада, әр түрлі мекемелерде (іскерлік хаттар) көрініс таба бастады. Мәселен, хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов ресми іс қағаздар қатысты кітабында хаттарды маңызы мен мазмұнына қарай: а) инициативалы ( хат талап, хат өтініш, хат-шағым, хат ескерту, хат хабарлама, хат-ескерту, ілеспе хат) және б) жауап ( ақпарат-түсінік, тыйым салу хаттары). Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негізінен, тапсырма беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу түрінде жиі кездеседі. Ведомстволық бағынышты мекемелер жоғары органдарға жауап қайтарып, хабар береді, өтініш жазады.Олардың әрқайсысының белгілі бір үлгісі, формасы болады.
Жеке-жеке тоқталсақ: Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.
Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.
Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.
Ескерту хаттар-адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.
Циркуляр хаттар-ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.
Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз-бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.
Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылатын болса, шешім хатында-мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.
Ілеспе хат-адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.
Ілеспе хаттың мынандай түрлері болады :
-мағлұмат үшін;
-уағдаластық бойынша;
-келісу үшін;
- қарау үшін;
-жауап беру үшін;
-сіздің хатыңызға орай;
-шара қолдану үшін;
-қайтаруды сұраймыз.
Эпистолярлық жанрдың цифрлық кеңістіктегі трансформациясы зерттеудің қажет ететін, жаңа сипаттама ұсынуды қажет ететін сала.
Алимбекова Саягул Кабылбековна,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы, PhD