Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Иманғали Тасмағамбетов Алматыға келді: бұл жолы саяси емес, рухани жиынға қатысты

/
Иманғали Тасмағамбетов Алматыға келді: бұл жолы саяси емес, рухани жиынға қатысты
odkb-csto.org. Суретте: Иманғали Тасмағамбетов

Алматыда өткен көрнекті ақын Темірхан Медетбектің жылдық асына қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Іс-шарада Иманғали Тасмағамбетов те бой көрсетіп, жиналған қауым алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейтман әлеуметтік желіде жариялаған видеодан жиынның жоғары деңгейде өткенін байқауға болады. Оның айтуынша, бұл кеш ақынның рухына тағзым етіп, еске алуға арналған әсерлі жиын болған.

Жылдық асқа сондай-ақ Ақұштап Бақтыгереева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет және Асхат Оралов секілді зиялы қауым өкілдері қатысқан.

Серік Сейтманның сөзінше, марқұм ақынның тірі кезінде көрсеткен қолдауы оны ерекше құрметпен еске алуға себеп болған. Сондықтан бұл шараны ұйымдастыру мен жүргізуді ол азаматтық парыз ретінде қабылдағанын айтты.

Іс-шара барысында Темірхан Медетбектің шығармашылығына арналған жаңа кітаптар таныстырылып, жиналғандарға таратылған. Атап айтқанда, Серік Тәукебаевтың "Көк түрік – Темірхан" және Рақымғали Құл-Мұхаммедтің "Ақиқаттың алдаспаны" атты еңбектері көпшілікке ұсынылған.

Жиын қатысушылары ақынның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, оның шығармашылық мұрасы ұлт руханияты үшін маңызды екенін жеткізді.