Logo
Іздеу
Айдарлар

"Екі баламен кетіп қалдым": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ел күтпеген тосын мәлімдеме жасады (ФОТО)

/
"Екі баламен кетіп қалдым": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ел күтпеген тосын мәлімдеме жасады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы Екатерина Жолбарыс әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларымен көпшіліктің назарын аударды. Ашық әрі эмоцияға толы бұл мәтіндерде ол жеке өміріндегі күрделі кезең, отбасылық дағдарыс, ішкі күйзеліс пен өзін қайта тану жолы туралы шынайы ой бөліскен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Екатеринаның айтуынша, ол нумерология мен өзін-өзі тану саласына жай қызығушылықпен емес, өміріндегі барлық түсініктер күйреп, жауап таппай қалған сәтте келген. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынаста түсіністік жоғалып, әңгіме де, келісім де нәтиже бермегенін жасырмайды. Он бес жыл бірге өмір сүрген адамның бір сәтте бөтенге айналуы — оның жанын жаралаған ауыр соққы болған.

«Әңгімелер көмектеспеді. Бір-бірімізді естімедік. Көп сезім болды, бірақ анықтық жоқ еді», — деп жазады ол.

Осы кезеңде Екатерина екі баласымен бірге жеке шешім қабылдап, жаңа өмірге қадам басқанын айтады. Бұл қадам сырт көзге күрделі әрі ауыр көрінгенімен, ол үшін өзін және өмірін сақтап қалудың жолы болған.

Жазбаларда автор ішкі трансформация үдерісін де егжей-тегжейлі сипаттайды. Өзін «түйікке тірелген» күйде сезінген тұста, ол өмірінде неге осылай болғанын, кім екенін, қандай құндылықтарға сүйенетінін түсінуге тырысқан. Осы ізденіс барысында Екатерина энергиясын, әрекеттерін, таңдауларын қайта саралап, қателіктерін мойындағанын жазады.

«Мен өз кармамды қай жерде бұзғанымды есептеп шығардым және бәрін түзету үшін не істеу керегін түсіндім», — дейді ол.

Екатерина Жолбарыс бұл жолды рухани өсу мен жеке жауапкершілік кезеңі деп бағалайды. Оның сөзінше, бұл процесс оған өзін қайта табуға, ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектескен. Қазір ол басынан өткерген тәжірибесін өзгелерге қолдау көрсетуге бағыттауды мақсат етеді.

«Мен — өзімнің ең басты кейсімін. Өзімнің ең үлкен жұмысым мен трансформациямның нәтижесімін. Енді жолынан адасқандарға қайтадан тірек табуға көмектесемін», — деп түйіндейді ол.

Бұл жазбалар көпшілік үшін әйелдің ішкі күші, жауапкершілігі мен қайта жаңғыруының көрінісіндей әсер қалдырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Екатеринаға қолдау білдіріп, оның ашықтығы мен шынайылығын жоғары бағалауда.