Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мәйіттері үйлерінен табылды": Сарыбастаудағы бір отбасының төрт адамы қаза тапты (ВИДЕО)

/
"Мәйіттері үйлерінен табылды": Сарыбастаудағы бір отбасының төрт адамы қаза тапты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылы маңындағы шалғай қыстақтардың бірінде бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, деп Arasha.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға улы газға (ысқа) улану себеп болуы мүмкін. Алайда құзырлы органдар бұл нұсқаны әзірге нақтыламаған. Қайтыс болғандар арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жасар сәби бар.

Жақындары бірнеше күн бойы хабар ала алмаған соң қыстаққа арнайы барып, үй ішінен отбасы мүшелерінің мәйітін тапқан. Оқиға туралы дереу аудандық полицияға хабар берілген.

Ауыл тұрғыны Ерқанат Ақылдосовтың айтуынша, марқұмдар қыстақта мал бағып, оңаша тұрған.

"Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді СКЛ "Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер айтып жатты, үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған деп", – деді Ерқанат Ақылдосов.

Қазіргі уақытта марқұмдардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептері тергеу қорытындысынан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.