Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ пен Әзербайжан әскери-техникалық салада ынтымақтастықты нығайтады

/
АҚШ пен Әзербайжан әскери-техникалық салада ынтымақтастықты нығайтады
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Әзербайжанмен қорғаныс және әскери-техникалық салалардағы байланысты кеңейтуге ниетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы кеше Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қол қойған Стратегиялық серіктестік хартиясында айтылған.

Осыған байланысты тараптар мынадай бағыттар бойынша жұмыс істемек: Қорғаныс өнімдерін жеткізуді қоса алғанда, өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.  Ортақ қатерлерге қарсы тұру мақсатында терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, Киберқауіпсіздік әлеуетін арттыру және маңызды инфрақұрылымдарды қорғау саласында бірлесіп әрекет ету.

Құжатта Оңтүстік Кавказ аймағындағы бейбітшілік Баку мен Вашингтонның ортақ мүддесіне сай келетіні, ал екі ел арасындағы қауіпсіздік саласындағы серіктестік бүкіл аймаққа пайда әкелетіні атап өтілген.

Сондай-ақ Хартияда Әзербайжанның бітімгершілік операцияларына қатысуы жоғары бағаланды.

«Америка Құрама Штаттары Әзербайжанның халықаралық бітімгершілік күш-жігеріне қосқан үлесін жоғары бағалайды. Әзербайжан әскери қызметшілері халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолында американдық сарбаздармен және коалиция бойынша серіктестермен бірге иық тіресе қызмет етті», — делінген құжатта.