Logo
Іздеу
Айдарлар

Пашинян: Ресейде Ереван мен Бакудің араздығына мүдделі топтар бар

/
Пашинян: Ресейде Ереван мен Бакудің араздығына мүдделі топтар бар
Сурет: ашық дереккөзден

Ресейде Әзірбайжан мен Арменияның бейбітшілікте болғанынан гөрі, өзара араздығына мүдделі топтар бар, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

«Ресейде мынадай логиканы ұстанатын кейбір топтар бар: Армения үшін Түркия және Әзірбайжанмен бейбіт қатар өмір сүру тиімсіз, өйткені бұл жағдайда ол толықтай тәуелсіз мемлекетке айналады. Ал егер Әзірбайжан және Түркиямен араздық пен текетірес сақталса, Армения Ресейді бұрынғыдан да бекем құшақтауға (арқа сүйеуге) мәжбүр болады... Алайда Ресей президенті Владимир Путин мен үкімет басшысы Михаил Мишустин бұл пікірмен келіспейтіні анық», – деді Пашинян брифингте.

Оның айтуынша, «егер араздық болса, Армения Ресейге тығыз арқа сүйеуге мәжбүр болады».

Пашинян оппозицияның билікке таққан «түрікшіл» позицияда деген айыптауларын да атап өтіп, бұл шындыққа жанаспайтынын айтты.

Армения премьерінің сөзінше, тиімді басшы — көршілермен жақсы қарым-қатынас орната білетін және жанжалсыз өмір сүре алатын адам. Ол сондай-ақ Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік аймақтағы барлық елдерге, соның ішінде Ресейге де тиімді екенін атап өтті.