АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт Грин-карта лотереясының тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналистер бұл сауалды Астанада өткен баспасөз мәслихатында қойды.
«АҚШ — иммигранттар құрған мемлекет. Яғни, бұл өте күшті тарихи құрамдас бөлік, сондықтан бұл біздің барлық нормативтік-құқықтық актілеріміз бен заңнамамызда көрініс тапқан. Демек, тоқтата тұру — бұл толық күшін жою емес. Біз мұны уақытша шара деп санаймыз, ал процесс, керісінше, миграциялық ағындарға көмектесуге және қазіргі мәселелерді жетілдіруге бағытталған», - деді дипломат.
Елші бұл шаралар «бағдарлама жұмысын жақсарту және қатысушылар үшін процестерді жеңілдету» мақсатында қабылданып жатқанын қосып өтті.
Сондай-ақ журналистер Қазақстаннан баратын туристер үшін АҚШ визасын беру жеңілдетіле ме, сондай-ақ визалық өтінім беру үшін төленетін баж салығының мөлшері қайта қарала ма деп сұрады.
«Виза беруді, туристік визаға сұхбат алуды, елшілікке жүгінуді және өтінім құнын реттейтін құрылым — бұл әлемдік тәртіп. Бұл, әрине, Қазақстанға ғана тән жағдай емес. Бүкіл әлем бойынша процесс осылай құрылған және ол АҚШ заңнамасымен реттеледі», - деді Елші.
Дипломаттың пайымдауынша, Қазақстандағы виза мәселесіне қатысты жағдай «өте жақсы». «Өзге елдермен салыстырсақ, бізде Қазақстанда жағдай өте жақсы. Бұған дейін айтқанымдай, осы елшілік пен Алматыдағы консулдық күн сайын және апта сайын жүздеген, мыңдаған виза береді және бұл көрсеткіш өсуін жалғастыруда», - деп атап өтті Джули Стаффт.