Депутат Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдіріп, құжаттың елмен кеңесе отырып әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның сөзінше, Конституцияны дайындау барысында халықтың ұсыныстары жиналып, талқылау үдерісі ашық форматта, тікелей эфирде көрсетілген. Депутат мұндай ашық талқылау тәжірибесі өзге елдерде сирек кездесетінін айтып, Қазақстанды ашықтық деңгейі бойынша алдыңғы қатарда деп бағалады.
"Конституция жазған кезде бүкіл елмен ақылдасып, олардың пікірін жинап, оны тікелей эфирде көрсететін елді көрген жоқпын. Менің ойымша, Қазақстан ашықтық бойынша бірінші қатарда тұр", – деді депутат.
Ол жаңа Конституцияны Тәуке ханның "Жеті жарғысымен" салыстырды.
"Жеті жарғыны" алайық. Ол халықпен кеңесіп, халықтың ұсынысынан жинақталған заң болды. Сол сияқты Конституцияда бүкіл елмен ақылдасып, негізімізге оралып жатқанымыздың көрсеткіші", – деді Айдарбек Қожаназаров.