Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

/
Ақтөбе облысында прокурор ұсталды
Сурет: Прокуратура

Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

«2026 жылғы 17 ақпанда ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етпей отыр.