Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп әлемнің барлық елдері үшін 10 пайыздық сауда баж салығын енгізетін болды

/
Трамп әлемнің барлық елдері үшін 10 пайыздық сауда баж салығын енгізетін болды
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні барлық елдерден келетін импортқа 10 пайыздық баж салығын енгізу туралы құжаттарға қол қойғанын мәлімдеді. Бұл шешім «дереу дерлік» күшіне енбек, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жаңа ғана Овал кабинетінде барлық елдерге қолданылатын 10 пайыздық жаһандық тарифке қол қойғанымды мақтанышпен хабарлаймын, ол дереу дерлік күшіне енеді», — деп жазды ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Жұма күні АҚШ Жоғарғы соты Трамптың тауар импортына баж салығын енгізу кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы шешім шығарған болатын. Трамп жақтастары көпшілікті құрайтын соттың бұл шешімі президенттің ашуын туғызды. Нәтижесінде ол басқа заңнамалық тетіктерді пайдалана отырып, 10 пайыз көлеміндегі жаңа жаһандық тарифті енгізуге бел байлады.