Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қанша уақыт жатқанын білмеймін…": Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

/
"Қанша уақыт жатқанын білмеймін…": Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)
ашық дереккөзден

70 жастағы Капиталина Симанькованың мәйіті Доссор ауылындағы үйдің шаруашылық құрылысынан табылды. Бұл туралы марқұмның жиені Елена Рафикова хабарлаған, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Жақынының айтуынша, зейнеткердің қанша уақыт бойы сол жерде жатқанын нақты айту қиын, оны енді құқық қорғау органдары анықтайды.

Еске салайық, Капиталина Симанькова 13 қаңтардан бері хабарсыз кеткен. Ол Доссор ауылында азаматтық некедегі жұбайы Владимир Маловпен бірге тұрған.

Полиция мәліметінше, 19 ақпанда Мақат ауданы бойынша 73 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы хабар түскен. Хабарлама бойынша тексеріс жүргізу үшін тәртіп сақшылары зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына барып, үйін және оған іргелес аумақты қараған. Тексеру барысында гараж ішінен әйел адамның мәйіті табылған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның азаматтық жұбайы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті дене жарақаттары тұрмыстық жанжал кезінде салынғанын айтқан.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары анықталып, олар зейнеткердің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын растаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.