Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын жеткізді

/
Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын жеткізді
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтарға скринингтік тексерулерден өту үшін жылына үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс берілетінін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл құқық туралы көпшілік біле бермейді. Алайда ол Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде нақты көрсетілген.

"Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінің 87-бабында скринингтік зерттеулерден өту үшін арнайы әлеуметтік демалыс қарастырылған. Қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін осындай демалыс беріледі. Жұмыс беруші оны ұсынуға міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар, скринингтен өтіңіздер", – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан бөлек, әлеуметтік демалыстар да беріледі. Мұндай демалыстар ана болуға, бала күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға және басқа да әлеуметтік мақсаттарға байланысты қарастырылған.

Заңнамада әлеуметтік демалыстың бірнеше түрі бар. Олардың қатарында жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілік пен босануға байланысты демалыс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін күтім жасауға арналған демалыс бар.

Сонымен қатар, жылына үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде скринингтік тексеруден өтуге арналған демалыс та көзделген. Бұдан бөлек, жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде үш жұмыс күні демалыс беріледі.