Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар! Кеңес кезеңіндегі танымал фильмнің актрисасы өмірден озды (ФОТО, ВИДЕО)

/
Қаралы хабар! Кеңес кезеңіндегі танымал фильмнің актрисасы өмірден озды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Кеңес дәуіріндегі әйгілі "А зори здесь тихие" фильмінде ойнаған актриса Ирина Шевчук өмірден озды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Актрисаның өліміне ми лимфомасы себеп болған. Ол шамамен үш жыл бойы онкологиялық дертпен күрескен. Ирина Шевчук 74 жаста еді.

Өнер иесі – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. Шығармашылық жолында ол "А зори здесь тихие", "Белый Бим Чёрное ухо", "Медный ангел" секілді бірқатар танымал фильмдерге түсті.

1972 жылы режиссер Станислав Ростоцкий түсірген "А зори здесь тихие" – соғыс тақырыбындағы ең әсерлі кеңестік кино туындылардың бірі. Фильм Борис Васильевтің аттас повесі негізінде түсірілген.

Оқиға 1942 жылы Карелияда өрбиді. Старшина Васков бес жас зенитші қыздан құралған бөлімшеге басшылық етеді. Орманда олар екі неміс диверсантын байқайды, алайда шын мәнінде олардың саны он алты болып шығады. Осылайша батпақты, ну орманда тең емес шайқас басталады. Картина соғыстың қасіретін жас қыздардың тағдыры арқылы көрсетеді.

Ирина Шевчук фильмде кіші сержант Рита Осянина рөлін сомдаған. Оның кейіпкері орман арқылы жасырын түрде ауылға барып, кішкентай ұлы мен анасын көріп тұрады. Неміс диверсанттарын алғаш байқаған да – дәл осы Рита. Осы оқиға фильмнің негізгі желісін бастайды.