Logo
Іздеу
Айдарлар

"Күдікті күйеу бала ұсталды": Атыраудағы трагедияға қатысты күдікті Индонезиядан табылды

/
"Күдікті күйеу бала ұсталды": Атыраудағы трагедияға қатысты күдікті Индонезиядан табылды
Tengrinews.kz

Атырау облысында болған резонансты оқиға бойынша күдікті Индонезияда ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам Ломбок аралынан табылған. Бұған дейін із-түзсіз жоғалды деп хабарланған оның бұрынғы жұбайының да жүрген жері анықталды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2025 жылдың қараша айында егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Ол қылмыстан кейін мәйіттерді сарайдың астына көміп, марқұмдардың ақша қаражаты мен мүлкін иемденген деген күдік бар.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық нысанынан шамамен бір метр тереңдіктен табылған еді. Ал олардың балалары – Мейрамгүл Мұқанғалиева мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалған.

Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға алдында белгісіз адам ұлдарының атынан "ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын" деген желеумен ұсақ малды сата бастаған. Туыстары күмәнданып, ірі қараны сатуға жол бермеген.

Сонымен қатар тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиевтің Шымкентке ұшып, кейін Өзбекстан шекарасынан өткені анықталған. Кей мәліметтерге сүйенсек, олар бұл елде де ұзақ тұрақтамаған.