Атырау облысында ата-енесін өлтірді деген күдікпен Индонезияда қолға түскен Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның тағы бір фотосы тарады. Бұл туралы Ertenmedia.kz хабарлады.
Жарияланған суретте қолына кісен салынған Сәрсемәлиев пен оның қасында отырған Ақбаян Мұқанғалиева көрінеді. Әйелдің қолында кісен жоқ. Олардың артында тұрған адамдар Индонезия полициясының қызметкерлері болуы мүмкін.
Еске салсақ, ерлі-зайыптылар Ломбок аралының Сенару ауылында арнайы операция барысында ұсталған еді. Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Арнайы операция 24 ақпанда өткен. Қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы И. Команг Виландра күдіктінің Сенару ауылында жүргенін анықтап, жедел ұстау шарасын ұйымдастырған. Полиция қонақүйге кірген сәтте Сәрсемәлиев қашуға талпынғанымен, көп ұзамай ұсталған.