Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әлеуметтік желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның күнделікті өмірінен бейнежазбалар жариялайтын парақша ашылды. Оны жақын туысы жүргізіп, Ақбаянның немен айналысып жүргенін көрсетіп отырады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Парақшадағы видеоларда Ақбаянның сурет салып, серуендеп, жақынымен әңгімелескен сәттері көрсетілген. Бейнежазбалардың бірінде ол ноутбук пен құжаттарға қарап, жұмыс істеуге талпынып отыр.

Жазбаны жариялаған туысының айтуынша, Ақбаян бұрын сот орындаушысының көмекшісі болып еңбек еткен. Қазір парақшада оның күнделікті тіршілікке қайта араласу барысы бөлісіліп жатыр. 
 

Автор Ақбаян Мұқанғалиеваның әпкесі екенін айтты.