Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда рэпер Navai екі айға қамауға алынды

Қазақстанда рэпер Navai екі айға қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда есірткі контрабандасына күдікпен ұсталған рэпер Navai-ға қатысты сот бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда «Қордай» шекара бекетінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Navai сахналық атымен танымал шетелдік азаматты ұстаған.

Ведомствоның хабарлауынша, ол мінген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленген.

"Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта іс бойынша Қылмыстық кодекстің контрабанда және есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағанын растады.

Бөлісу