«Біз Америка Құрама Штаттарымен бірге ислам республикасының бүкіл аумағына соққы беруді жалғастырып жатырмыз», деп мәлімдеді журналист Барак Равид Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкіліне сілтеме жасап.
AFP және басқа да ақпарат көздерінің мәліметінше, Иран Эр-Риядтағы ханзада Сұлтан базасына соққы берген. Reuters агенттігі Абу-Дабиде қаза тапқандар бар екенін жазуда БАӘ ирандық зымырандарды атып түсірген кезде бір адам мерт болған. Әмірліктер бұл шабуылды «ұлттық егемендік пен халықаралық құқықты өрескел бұзу» деп атады. БАӘ «бұл агрессияға жауап беру құқығын өзінде қалдырады». Израильде әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыранының сынықтары құлағаннан кейін ғимарат зақымдалды (бірінші ролик). Ирандық Fars агенттігінің хабарлауынша, зымырандар Катардағы Аль-Удейд авиабазасына, Кувейттегі Али-Салем базасына және БАӘ-дегі әскери базаға соққы берген. Сондай-ақ Бахрейндегі Америка Құрама Штаттарының штаб-пәтері де шабуылға ұшырады.
Иран тарапынан зымырандық атқылау басталғаннан кейін Израиль тұрғындары таса жерлерге жасырынуда. Елдің әскерилері қауіптің бетін қайтару үшін қорғаныс жүйелері жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Билік адамдардан панажайлардан шықпауды сұрауда.
The New York Times басылымы Израильдің күштік құрылымдарындағы дереккөздеріне сүйене отырып: «Израиль мен Америка Құрама Штаттарының алғашқы соққы толқынының негізгі нысандарының бірі ислам республикасының басшылары болды», — деп атап өтті.