Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы берілгенін мәлімдеді

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы берілгенін мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөзден

Иран 2 наурыз күні таңертең Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне және Израиль Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Томер Бардың орналасқан жеріне зымыранмен соққы берді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қылмыстық сионистік режимнің (Израиль — ред.) премьер-министр кеңсесі мен осы режим армиясының Әскери-әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері ислам республикасы қарулы күштерінің оныншы толқыны аясында "Kheibar" зымырандарымен жасалған жоспарлы әрі кенеттен соққылар кезінде нысанаға алынды», - деп жазды Tasnim агенттігі мәлімдеме мәтініне сілтеме жасап.

«Сионистік режим премьер-министрінің тағдыры әзірге белгісіз», — деп толықтырды ИРСК.

Сонымен қатар, Израильдегі ақпарат көзі ТАСС агенттігіне Иранның Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп атап өтті агенттік сұхбаттасушысы.