Logo
Іздеу
Айдарлар

Иранның ядролық бағдарламасынан не қалды және ол қаншалықты қауіпті?

/
Иранның ядролық бағдарламасынан не қалды және ол қаншалықты қауіпті?
ашық дереккөзден

Иран ешқашан ядролық бомба жасауға ұмтылмағанын айтып келеді. Алайда көптеген елдер, сондай-ақ ядролық бақылаумен айналысатын негізгі халықаралық ұйым –Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бұған күмәнмен қарайды.

Қазір Иранның ядролық бағдарламасы қандай жағдайда?

Өткен жылдың маусым айында Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс кезінде негізгі ядролық нысандарға жасалған шабуылдардан кейін Иранның ядролық бағдарламасының нақты жағдайы толық анық емес.

АҚШ қысқа уақытқа әскери әрекеттерге қосылып, Иранның үш ядролық нысанына соққы жасаған. Олар – Исфахандағы ең ірі ядролық зерттеу орталығы, сондай-ақ уран байыту жүргізілетін Натанз және Фордо кәсіпорындары.

Шабуылдардан кейін Дональд Трамп бұл нысандар «толықтай жойылды» деп мәлімдеді.

Алайда бір аптадан кейін МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси соққылар нысандарға айтарлықтай зиян келтіргенімен, олар толық жойылмағанын айтты. Оның пікірінше, уран байыту жұмыстары бірнеше айдың ішінде қайта жалғасуы мүмкін.