Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ресей мен Қытай бізді қолдайды": Иран СІМ маңызды мәлімдеме жасады

/
"Ресей мен Қытай бізді қолдайды": Иран СІМ маңызды мәлімдеме жасады
Arasha.kz коллажы

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери операциясы аясында Ресей мен Қытай тарапынан Иранға саяси қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Бұл туралы ол NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Олар бізді саяси тұрғыдан қолдап отыр», – деді Аракчи журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Иран сыртқы істер министрі басқа елдермен жүргізіліп жатқан ынтымақтастықтың нақты егжей-тегжейін ашудан бас тартты.

«Біз басқа мемлекеттермен жүргізіп жатқан ынтымақтастықтың барлық қырын жария етпеймін», – деді ол.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде Тегеранға да әуе соққыларын жасаған. Бұл шабуылдардан кейін қираған ғимараттар мен қаза тапқан бейбіт тұрғындар туралы ақпарат тарады.

Өз кезегінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққыларын жасаған.