Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Хаменейдің ұлына шабуыл жасалды: Моджтаба жараланғаны белгілі болды

/
Хаменейдің ұлына шабуыл жасалды: Моджтаба жараланғаны белгілі болды
ашық дереккөзден

Иранның қаза тапқан жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иран аумағына жасалған бомбалау шабуылдарының бірінде жараланған болуы мүмкін. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Телеарнаның мәліметінше, Моджтаба шабуылдардың бірінде жарақат алған, алайда ол тірі. Оның алған жарақатының қаншалықты ауыр екені әзірге нақтыланбаған.

Бұған дейін, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастаған. Соның салдарынан бірқатар ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланған.

Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына соққы жасаған.

Шабуылдардың бірі кезінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменей қаза тапты. Осыған байланысты елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

7 наурыз күні Иранның Сарапшылар кеңесінің мүшесі аятолла Хосейн Мозаффари елдің жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау үшін кеңес отырысы алдағы 24 сағат ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Араб БАҚ-тары Моджтаба Хаменейді Иранның келесі жоғарғы көшбасшысы болуы ықтимал негізгі кандидаттардың бірі ретінде атап отыр.